Ауыл шаруашылық саласы – еліміздегі экономикалық дамудың маңызды тірегі. Аграрлық саясаттың дамуы нақты әрі дәйекті статистикалық мәліметтерге негізделеді. Осы мақсатта 1 тамыздан бастап елімізде, оның ішінде біздің Алматы облысында Ұлттық ауыл шаруашылық санағы жүргізілуде. Санақ екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz сайты арқылы, екінші кезең – онлайн өтпеген жеке қосалқы шаруашылықтары бар үй шаруашылықтарына интервьюерлердің сауалнамамен баруы. Облыс бойынша санақтың онлайн кезеңінен 30 777 ауыл шаруашылық құрылымдарын өткізу жоспарда тұр....